Көшеге тоннаға жуық қойдың ішек-қарны мен терісін төгіп кеткен
zaira
6
Шымкенттік жүргізуші көшеге тоннаға жуық қойдың ішек-қарны мен терісін төгіп кеткен
Шымкенттік жүргізуші көшеге тоннаға жуық қойдың ішек-қарны мен терісін төгіп кеткен. Тәртіп сақшылары көшені ластаушы күдіктіні көп ұзамай қолға түсірді. Құқық бұзушылық туралы учаскелік инспекторлар тұрғындардың WhatsApp желісіндегі ортақ чаты арқылы білген, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Іздестіру шараларының нәтижесінде құқық бұзушы жедел анықталды. Ол өзінің іс-әрекетін жүк көлігінің бұзылуымен ақтағысы келгенімен, заңды жауапкершіліктен қаша алмады. Тәртіп сақшылары әкімшілік хаттама толтырды.
Сондай-ақ, сойылған жануарлардың қалдықтарын ер адамның өзіне жинатты.
Сонымен қатар, күдікті ауыл тұрғындарынан кешірім сұрады.