бұл өмір сүруге, білім алуға және демалуға барлық жағдай жасалған 5 корпустан тұратын жаңа буын жатақханасы. Заманауи және өмір сүруге қолайлы 1, 2, 3 және 4 орындық бөлмелер жиһаздармен және интернетпен (wi-fi), сондай-ақ оқуға арналған ортақ кеңістіктермен қамтамасыз етілген. Тұрмыстық бөлмелер автоматты кір жуғыш машиналармен және үтіктеу тақталарымен жабдықталған. Оқу залында мерзімді басылымдарды да қоса қамтитын ауқымды кітапханасы бар. Жыл сайын жиһазы мен тұрмыстық техникасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылып отырады. Жоспарлы түрде аумақты, бөлмелерді, жертөлелерді дератизациялау, залалсыздандыру, төсек-орындарды термиялық өңдеу, кілемдер мен жұмсақ жиһаздарды химиялық тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, өрт сөндіргіштерді қайта зарядтау, қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізіледі.