қатарындағы адамдар;
- мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі студенттер, бала кезінен мүгедектер;
- ата-анасы/ата-анасының бірі І, ІІ топтағы мүгедек болып табылады;
- жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар;
- шетел азаматтары;
- ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түскен ауыл жастары арасынан шыққан тұлғалар;
- қандастар, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын тұлғалар;
- «Алтын белгісі» бар 1 курс студенттері, президенттік, халықаралық, республикалық олимпиаданың және (немесе) конкурстың жеңімпазының сертификаты, сондай-ақ оқу орнын үздік бітірген білімі туралы растайтын құжаты бар (куәлік, сертификат, диплом) талапкерлер;
- мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бірінші курсқа оқуға қабылданған, Ұлттық бірыңғай тестілеудің немесе ұйым өткізген кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша жоғары балл жинаған студенттер;
- көп балалы отбасылардан шыққан, көп балалы болуына байланысты жәрдемақы алатын балалар;
- атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар;
- оқу және ғылыми жұмыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізген, сондай-ақ университеттің студенттік өміріне белсене араласатын жоғары курс студенттері.
Жоғарыда аталған тармақтарға қатысы жоқ барлық басқа санаттар басымдық тәртібімен жалпы негізде қарастырылатын болады.