Бүгінде табылған 300-ге жуық өлексе табылған


Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген Каспий итбалығы тағы да қырылып жатыр. 24kz жазуынша, 24 қазаннан бері Маңғыстауда 289 итбалықтың өлексесі табылған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Болжам бойынша, теңіз сүтқоректілері дауылдан соң Баутино ауылы жағажайына шығып қалған. Сол жерге гидробиология және экология институты, балық шаруашылығы және аквамәдениет қауымдастығы филиалының өкілдері барып, теңіз суы мен итбалықтардың ағзасынан сынамаларды алды. Олардың қорытындысы әдеттегідей зертханалық талдаудан соң белгілі болмақ.

Экологтар жылда қайталанатын құбылыстың алдын алу үшін тәуелсіз сарапшылар тобы Каспийде және құрлықта кешенді зерттеу шараларын жүргізуі қажет деп отыр.

Өкінішке орай, ешкім ештеңе айта алмайды, ештеңе білмейді. Бұл жерде мониторинг жұмысы дұрыс жүргізіліп жатқан жоқ. Итбалыққа болсын, жалпы Каспий теңізіндегі биоалуантүрлілікке мұнай компаниялары тарапынан болсын немесе мемлекет тарапынан болсын, қайткенде де тәуелсіз сарапшылар тартылуы керек ойлаймын. Жалпы Қазақстан бойынша ондай итбалықты зерттейтін маман жоқ деп айтуға болады. Себебі 2000 жылдары итбалықтар жаппай қырылған кезде шетелден шақыртылған еді, – дейді «Ecojer» қауымдастығы өңірлік экологиялық кеңесінің мүшесі Әділбек Қозыбақов.