Жоғарғы сот: Интернет алаяқтарынан зардап шеккенің несиесін есептен шығару керек
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Халықаралық кеңесі интернет-алаяқтықпен күрестің өзекті мәселелерін талқылады
ҚР Жоғарғы Сотының Халықаралық кеңесі интернет-алаяқтықпен күрестің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Несиелеу секторындағы жауапкершілікті күшейтуді ұсынып, онлайн-несие беру кезінде міндетті биометриялық аутентификация және зейнеткерлер мен халықтың осал топтары үшін шектеулер туралы заңдарға түзетулер енгізу ұсынылды.
Судьялар интернет-алаяқтардан зардап шеккен кейбір адамдардың несиелерін есептен шығаруды ұсынды.
«Жағдайды түбегейлі жақсартуға мүмкіндік беретін тағы бір жаңалық – несиенің клиенттің қатысуынсыз алаяқтық жолмен берілгені сот актісімен анықталған кезде несиелік ұйымдардың қарызды есептен шығару жөніндегі заңмен бекітілген міндеттемесі болмақ. Бұл норма несиелік ұйымдарды берілген несиелердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға ынталандыруы тиіс», - деп атап өтті Жоғарғы Сот.
Халықаралық кеңестің ұсынымдары уәкілетті органдарға жіберіледі.