Жетісу облысында оқу-жаттығу кезінде капитан қаза тапты.


Жетісу облысында оқу-жаттығу кезінде капитан қаза тапты. Офицер Дәулет Нұрланұлының туыстары қайғылы оқиғаның мән-жайын білгісі келетінін айтып отыр, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Гүлмира Сабырова, марқұмның туысы:

—  Өзіміздің Дархан. Неге десем, «білмеймін, үш солдат, бір офицер қинап өлтірген деп айтып жатыр, мына жақта» дейді. Жақсы дедім де, қойдым. Есімді жинай алмай отырдым. Марат ағамен сөйлескен кезде, жанында балалар тұрды, әскери полицияның бір офицері, подполковник айтты «иә,  тұншықтырған, қылқындырған, барлық орыны бар, бәрін анықтамаға жазды» деп. Енді сараптаманы бір айдан кейін аласыңдар деді. 

26 жастағы Дәулет Нұрланұлы Алматы қаласындағы құрлық әскерлерінің  институтында оқыған. Отарда біраз қызмет етіпті.

Жаркенттегі 74 261 әскери бөліміне ауысып, екі айдан кейін қайтыс болды. Бүгін қолбасшылығы осы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.

ҚР Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі:

— Биыл 14 қарашада диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақтар өткізуде қауіпсіздік шарасын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды. Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі.