Талғарда тергеу изоляторынан қашып кеткен күдікті ұсталды.


Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде 21 қазанда уақытша ұстау изоляторынан қашқан күдікті Тереңқара ауылының шетінде ұсталды. 

Іздестіру жұмыстары басталған сәттен бастап полицияның барлық күштері жұмылдырылды. Сондай-ақ іздеу шараларына қоғам белсенділері мен облыс тұрғындары тарапынан құрылған ерікті жасақтар атсалысты, - делінген хабарламада. 

   Жергілікті полицияның мәліметінше, күдікті қайтадан уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктіге негізгі қылмысынан бөлек қамаудан қашқаны үшін тағы айып тағылады.

 

Сондай-ақ, kris_p_talgar instagram парақшасы да видео жариялады. Пабликтің мәліметінше, күдіктіні ұстау үшін дрон және тепловизор қолданылған. Бұл ақпаратты кейін құзырлы органдар растады.