Ал жалған ақпарат таратқандарға қатысты іс қозғалған


Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті әлеуметтік желіде тараған «Қуандық Бишімбаев түрмеден қашты» деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Әлеуметтік желіде сотталған Қуандық Бишімбаев түрмеден қашты жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл шындыққа жанаспайды. Сотталған азамат жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтеп жатыр, деп мәлімдеді Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Сондай-ақ, комитет азаматтарды жалған ақпарат таратпай, тек ресми деректерге сенуге шақырады. 

Жалған ақпарат тарату бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаймыз. Кінәлілер жауапқа тартылады, деп жазылған ресми мәлімдемеде.

Айта кетейік, бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргені үшін бірнеше бап бойынша айыпталып, 13 мамырда бас-аяғы 24 жылға бас бостандығынан айрылды.