Халықтың ақшасы: спорт мектебі басшылары бюджет қаржысын бәске тіккен

Редактор
20.02.2025, 17:00
Халықтың ақшасы: спорт мектебі басшылары бюджет қаржысын бәске тіккен
Олардың үстінен қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды

Ақтөбе облысында басқарма басшысы бюджет қаржысын букмекерлік кеңсеге салған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, спорт алаңдары мен залдарын жалға беру қызметінен бюджетке түсуге тиіс болған қаражатты екі балалар-жасөспірім спорт мектебінің басшылары заңсыз иемденген.

Олар 12 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жеке қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде жұмсаған. Аталған фактілер бойынша прокуратура 2 қылмыстық іс тіркеді, – делінген прокуратура хабарламасында.

Тергеуді облыстық Экономикалық тергеу департаменті жүргізді. Осы жылдың 10 қаңтарында тергеу аяқталып, қылмыстық іс (істер біріктірілді) мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданды.