«Еуразия» кинофестивалінде «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі.


«Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы «Еуразия» кинофестивалінің ерекше оқиғасы болмақ. Фестивальдің ең басты шаралараның бірі — Шәкен Аймановтың 1964 жылы түсірілген «Алдар көсе» фильмінің реставрацияланған нұсқасы көрсетіледі. Бұл туынды ұлттық мәдениетке деген құрметтің ерекше белгісі ретінде ұсынылады, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл туралы фестивальдің бағдарламалық директоры Диана Әшімова айтты, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Диана Әшімова, картинаны көрермен назарына ұсыну арқылы қазақ кинематографиясының байлығын жаңа сапада көрсетуді мақсат еткенін жеткізді.

«Еуразия» кинофестивалінің негізгі мақсаты — мәдени байланысты дамыту, қазақ киносының жаңа есімдерін ашу және ұлттық мұраны дәріптеу.