Елорда әуежайында халықаралық іздеудегі қылмыскер ұсталды
editor2
23
Астана қаласының халықаралық әуежайында қазақстандық полицейлер Әзербайжан ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген осы елдің азаматын ұстады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Polisia.kz жазуынша, ер адам 2022 жылы Бакудегі әлеуметтік үйлерден пәтер алуға көмектесу сылтауымен жергілікті тұрғындардың ақшасын иемденген. Қаскөй Астанадан Душанбеге ұшып кетпек болған. Қазір ол елордалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалған.