Қазақстанда егін жинау науқаны аяқталды: 26,5 млн тонна астық жиналды деп хабарлайды bairaqmedia.kz



Биыл жалпы ауыл шаруашылығы дақылдары 23,3 млн гектардан жиналған. Оның ішінде 16,7 млн гектары – дәнді және бұршақты дақылдар. 26,5 млн тонна астық бастырылды. Бұл жайында Үкімет отырысында белгілі болды.

Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары. Негізгі астық егетін өңірлердің ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жоғары нәтижелер байқалады – 18,6 ц/га. Оңтүстік өңірлерде өнімділік бойынша жоғары көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында байқалады.

 Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында күздің қолайлы ауа райы жағдайлары жауын-шашынға қарамастан айтарлықтай шығынсыз егін жинау науқанын жүргізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Жоғары өнімділікке ауа-райының қолайлы жағдайлары және, әрине, агротехнологияларды дұрыс қолдану нәтижесінде, атап айтқанда сапалы тұқымдарды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды қолдану және өсімдіктерді тиімді қорғау арқылы қол жеткізілді», — деді министр.


Дәнді дақылдарды жинау аяқталды, жүгері дәнін жинау жалғасуда.