Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің ел халқына әсері туралы зерттеуге қатысты түсініктеме берді.


Уақыт белдеуінің жұртымызға әсері қандай? Ол зерттеліп жатыр ма? Осы жайында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек уақыт белдеуінің ел халқына әсері туралы зерттеуге түсініктеме берді. Оның айтуынша, алдағы уақытта зерттеу ұйымдастырылады екен. Жетекші институттарды, соның ішінде география институтын, зерттеудің физиологиялық және медициналық аспектілерімен айналысатын Денсаулық сақтау министрлігінің институттары тартылады, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

«Жоғары ғылыми-техникалық комиссия жақын арада өзінің отырысын өткізеді және оның барысында осы тақырып қаралады. Егер бұл бастамаға қолдау жасалса, онда бірден конкурс жариялап, зерттеуге кірісеміз», - деді С. Нұрбек.