Анталия (Түркия) қаласында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының топтық бәсекелері мәресіне жетті.


Анталия (Түркия) қаласында жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының топтық бәсекелері мәресіне жетті. В тобында соңғы кездесуінде Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында әлемнің төрт дүркін чемпионы (1992, 1993, 1996, 2005 жылдар) Францияны ұтты, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қазақстан құрамасының капитаны Сергей Квак бірінші ойынға Даниэль Тазабековті шығарды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

 Ол аттасы Даниэль Жадқа есе жіберді — 4:6, 4:6.

Екінші болып кортқа өз елінің бірінші ракеткалары Заңғар Нұрланұлы мен Муаз Куаме шықты. Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 52-орында тұрған Куаме бірінші партияда 6:2 есебімен басым түсті. Есесіне Заңғар камбэк жасай білді — 6:3, 6:1.

Жұптық, шешуші бәсекеде Дамир Жалғасбай мен Даниэль Тазабеков Даниэль Жад — Фердинан Ливе Новкиришканы бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде тас-талқан етіп жеңді — 6:0, 6; 3.

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы өз тобынан бірінші орынмен ширек финалға шықты. Оның келесі қарсыласы Жапония немесе Тайбэйдің біреуі болмақ. Ширек финалдық матч ертең өтеді.