Ол 71 келіде өнер көрсетті


Черногорияның Будва қаласындағы бокстан жастар арасындағы әлем чемпионатында Өнер Сейілхан алтыннан алқа тақты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бокстасқан қазақстандық спортшы финалға дейінгі жарыс жолында Беларусь (5:0), Пәкістан (5:0), Албания (5:0) және Өзбекстан (4:1) боксшыларынан басым түскен еді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы аталған әлем чемпионатында алтыншы алтынына қол жеткізіп отыр. Бұған дейін Төрехан Сабырхан, Санжарәлі Бегалиев, Аружан Зейнуллаева, Елянур Тұрғанова және Бексұлтан Боранбектер жарыс жеңімпазы атанған еді. Бұлардан бөлек, Ұлдана Таубай күміс медаль тағынып, тағы 10 боксшымыз қола жүлдегер атанды.