Әйелін өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қай түрмеде жазасын өтеп жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.


Экс-министрдің қай жерде жазасын өтеп жатқанын білу үшін адвокат Жанна Оразбахова Ішкі істер министрлігіне қарасты комитетке сауал жолдапты. 

Қазіргі уақытта сотталған Қ.Бишімбаев Ақмола облысына қарасты қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №5 мекемесінде жазасын өтеп жатыр, - деп жауап берген қылмыстық-атқару жүйесі комитеті.

Еске сала кетейік, сот шешімімен экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін өлтіргені үшін 24 жылға, ал оның туысқаны Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.