Бишімбаев ісінде танымал болған прокурор марапатталды
editor2
36
Атышулы экс-министр Қуандық Бишімбаев ісінде танымал болған прокурорлар Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков Республика күніне орай мемлекеттік мараптқа ие болды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Бас Прокурордың бұйрығымен қызметтік борышын үлгілі орындағаны үшін прокуратураның ерекше көзге түскен қызметкерлері ведомстволық медальдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Қадағалау органы мәліметінше, бас прокурордың ұсынысы, Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Аймағанова мен Нұрбеков "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған.