Әзербайжан президенті Қазақстанға келуі мүмкін

Редактор
15.08.2025, 14:21
Әзербайжан президенті Қазақстанға келуі мүмкін
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін. Бұл туралы Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-дағы ресми...

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қазан айында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуі мүмкін. Бұл туралы Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Telegram-дағы ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Мемлекеттер басшылары бұл мәселені жуырда телефон арқылы сөйлескен кезде талқылады. Қазіргі кезде сапардың нақты мерзімі мен мазмұны келісіліп жатыр, - деп жазды Руслан Желдібай.

Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға мемлекеттік сапармен барған еді. Президенттер өзара байланыстарымызды стратегиялық серіктестік деңгейіне көтеріп, екі елдің одақтастық қатынастарын нығайтқан маңызды құжаттарға қол қойды.