Азамат Жолманов Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болды

Редактор
27.02.2025, 16:07
Азамат Жолманов Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болды
Мемлекет басшысы тиісті Өкімге қол қойды

Азамат Жолманов Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Азамат Сағатұлы Жолманов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, – делінген Ақорда хабарламасында.

Бұған дейін аталмыш қызметте болған Ерлан Қуанышұлы лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ, Әлібек Ғазизұлы Ахмедьяр Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.