$ 457.21
 534.62
 6.08

Атырауда студенттер жатақханасының бір бөлігі опырылып түсті

Редактор
22.04.2025, 18:49
Фото: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Фото: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
Ғимарат апатты деп танылған

Атырауда Халел Досмұхамедов атындағы университетке қарасты студенттер жатақханасының бір бөлігі опырылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ЖОО ақпаратына сәйкес, апатты деп танылған №2 жатақхананың 5 қабатты ғимараты 1972 жылы салынған.

Университеттің шаруашылық бөлімі 2022 жылдың қарашасында № 2 жатақханадағы 1-қабатының қабырғасында ақаудың пайда болғанын анықтады. Осы жағдай анықталған соң мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жатақхананың техникалық қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге конкурс жарияланды. 2023 жылғы 21 ақпандағы № 138 келісімшартқа сәйкес «PFA compani» ЖШС техникалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ғимараттың апатты жағдайда екені расталды. Студенттердің бәрі басқа жатақханаларға көшіріліп, орналастырылды, – делінген хабарламада.

Нысанның апатты деп танылуына байланысты мұнда 2023 жылдан бері ешкім тұрмайды.

Последние новости

Посмотреть все