Астанада мерекелік отшашу болады

Редактор
06.07.2025, 16:00
Астанада мерекелік отшашу болады
Қала тұрғындары мен қонақтары оны Ботаникалық бақ маңында OPEN AIR концерті аяқталғаннан кейін тамашалай алады, - деп жазады bairaqmedia.kz.

Қала тұрғындары мен қонақтары оны Ботаникалық бақ маңында OPEN AIR концерті аяқталғаннан кейін тамашалай алады, - деп жазады bairaqmedia.kz.

«Астанада елорда күніне орай мерекелік салют атылады. Фейерверк демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылады», – делінген әкімдіктің ақпаратында.

Отшашудың басталу уақыты – шамамен сағат 23:00. Ол отандық эстрада жұлдыздары өнер көрсететін мерекелік OPEN AIR концертінен кейін Ботаникалық бақ аумағында атылады.

Еске салайық, 6 шілдеде Қазақстанда Елорда күні мерекесі тойланады. Бұл мерекеге орай Астанада жыл сайын жүзден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтеді. Биыл да қала тұрғындары мен қонақтарына арнап ерекше оқиғалар, концерттер, шоулар, қойылымдар, акциялар, көрмелер, спорттық турнирлер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.