Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазір 12 адам қамауға алынған.6 мыңнан аса салымшылары бар тұрғын үй кешендерін заңсыз салу дерегі анықталды.


Астана қаласының прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім еткендей, қазір 12 адам қамауға алынған.6 мыңнан аса салымшылары бар тұрғын үй кешендерін заңсыз салу дерегі анықталды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Жосықсыз құрылыс салушыларға қатысты 16 қылмыстық іс тергелуде, 12 адам қамауда. Құны 7 млрд теңгеден асатын аяқталмаған құрылыс объектілерін өндіріп алу туралы прокурордың 8 талабы сотпен қанағаттандырылды. Салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде пәтерлерді заңсыз сатуды жүзеге асырған 51 құрылыс салушы әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 320-бабы бойынша жауаптылыққа тартылды, — делінген хабарламада.

Рұқсат құжатсыз үлескерлердің қаражатын заңсыз тарту жүзеге асырылған «Qurmangazy» тұрғын үй кешенін бұзуға қол жеткізілді.