Астанада жеке тұрғын үй өртеніп, төрт бала қаза тапты
Елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала мерт болды. Балалары құрбан болған және зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі және материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі.
Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап, өрт болды. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жетті. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты- деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Өрттің себебі анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жеке тұрғын үйде тұрып жатқан екінші отбасы уақытша баспанаға көшірілді.
Шатыры жартылай опырылып, өрт болған жеке екі қабатты үйде екі отбасы тұрған. Астана әкімдігі оларға қажетті көмек көрсетеді. Балалары құрбан болған және зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Сонымен қатар материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - делінген әкімдік таратқан хабарламада.