$ 460.8
 541.21
 6.13

Ақтөбе облысында айналма жолды су басты

Редактор
18.03.2025, 16:31
видеодан скриншот
видеодан скриншот
Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды

Ақтөбе облысында айналма жолды су басты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, бүгін таңғы 07:00 шамасында «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» республикалық автожолының 92-шақырымындағы Жем көпірі маңындағы айналма жолда су тасқыны тіркелген. Тасқынның ұзындығы – 100 метр, ал биіктігі – 50 сантиметр.

Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық, – делінген «Қазавтожол» ҰК» АҚ хабарламасында.

Оқиға орнына 7 арнайы техника мен 15 маман жұмылдырылды. Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.