Ақтауда қызды ұрып-соққан тұрғын қамауға алынды
Ақтауда қызды тонап, ұрып-соқты деген күдікпен ер адам ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Ақтауда қызды тонап, ұрып-соқты деген күдікпен ер адам ұсталды. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
— Осы іс бойынша тергеу жалғасып жатыр, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда, — делінген хабарламада.
Айта кетсек, 17 қарашада Ақтауда түнгі көңіл көтеру орындарының бірінің алдында ер адамның қызды ұрып-соққан бейнежазба тарады. Бейнежазбада ер адам қызды бетінен ұрып, жерге құлатады. Ұрып-соғу мұнымен тоқтамай, сәлден кейін қайта жалғасқан. Кейін жәбірленуші әлеуметтік желіде жігіттің бұған дейін де оған қол көтергенін жазған. Қоғамда резонанс тудырған осы бейнежазбадан кейін полиция күдіктіге қатысты іс қозғады.