Алматыға 60 млн теңгенің зергерлік бұйымдары ойыншық түрінде жеткізілген
editor2
28
Оны прокурорлар анықтап, мемлекет меншігіне өткізді
Көлік прокурорлары жалпы құны 100 млн теңгеден астам контрабандалық тауарларды мемлекет кірісіне айналдырды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Алматы әуежайындағы кедендік бақылау кезінде пошталық сәлемдемелердің бірінен АҚШ-тан ойыншық түрінде жалған құжаттармен гауһар тастары бар зергерлік бұйымдар жеткізілгені анықталған.
Көлік прокуратурасының талап-арызы бойынша Түрксіб аудандық соты тәркіленген жалпы құны 60 млн теңгені құрайтын зергерлік бұйымдарды мемлекет меншігіне өткізді, деп жазылған прокуратура мәлімдемесінде.
Сондай-ақ, Алматы көлік прокуратурасының тағы бір талап-арызы бойынша сот Түркиядан геотекстиль атын жамылып келген жалпы құны 48 млн теңгеден асатын тауарларды мемлекет кірісіне айналдырған.