Алматыда оқушы суицид жасады

Редактор
20.01.2025, 20:09
Алматыда оқушы суицид жасады
Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желіде 2009 жылғы оқушы өз-өзіне қол салғаны туралы ақпарат тарады.

Алматы қаласының Полиция департаменті бұл деректі растады. Тәртіп сақшылары 105 бап (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

- Бұл дерек бойынша Медеу аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлады қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.