Биыл қазан айының соңында жоғалып кеткен Алматы тұрғынының денесі табылды.


Биыл қазан айының соңында жоғалып кеткен Алматы тұрғынының денесі табылды. 1994 жылы туған Әйгерім Супатаева 26 қазан күні жоғалып кеткен. Кешкі сағат 21:00-де Медеу ауданы, Шевченко көшесі, 15А үй мекенжайындағы үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған., - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Алматы қалалық полиция департаменті, 30 қазан күні Алмалы ауданындағы үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ Әйгерім Супатаеваның денесі табылғанын хабарлады.

«Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлімге жүрек ауруы себеп болған», - деп атап өтті Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.