$ 460.8
 541.21
 6.13

Алматы қаласында жер сілкінісі болды

Редактор
22.12.2025, 14:14
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Алматы тұрғындары 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Алматы тұрғындары 22 желтоқсанға қараған түні жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі 2 балл шамасында сезілді.

ҚР ҰЯО Геофизикалық зерттеулер институтының Қазақстандық деректер орталығының дерегіне сәйкес, жерасты дүмпулері 2025 жылғы 22 желтоқсанда сағат 02:16-да Астана уақытымен (Гринвич бойынша 21 желтоқсан сағат 21:16) Қытай аумағында тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрінің координаттары: солтүстік ендіктің 41,23 градусы, шығыс бойлықтың 78,87 градусы.

Жер сілкінісінің магнитудасы 5,0, энергетикалық класы — K=11,5.