Алматы облысында мұғалімдерге жарты жыл бойы жалақы төленбеген
zaira
11
Алматы облысындағы жекеменшік мектеп мұғалімдеріне жарты жылдан астам уақыт бойы жалақы төленбеген.
Алматы облысындағы жекеменшік мектеп мұғалімдеріне жарты жылдан астам уақыт бойы жалақы төленбеген. Еңбекшіқазақ ауданындағы «Мейірімді періште» жекеменшік мектеп-гимназиясының банкроттық рәсімінде болуына байланысты басшылық мұғалімдердің жалақысын бермеген, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
«56 мұғалімге тиесілі қарыздың жалпы сомасы 40 миллион теңгені құрады. Атқарушылық іс жүргізудің болуына қарамастан, қызметкерлер алдындағы міндеттемелер орындалмай қалды», делінген хабарламада.
Прокуратураның араласуы нәтижесінде борышкердің жылжымайтын мүлкі анықталып, сатылғаны атап өтілді.
«Алынған қаражат қарыздарды өтеуге жұмсалды, бұл мұғалімдердің еңбек құқықтарын толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді», делінген хабарламада.