100 млн-ға жуық теңге алып қашып кеткен қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды.
Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.
«Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеуге жарияланған», - делінген хабарламада.
Күдікті осы жылдың шілде айында Санкт-Петербург қаласында ұсталған.
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды. Егер оның қылмысы дәлелденде 10 жылға дейін сотталады.