Коммерциялық банктер тұтыну кредитін беруді белсенді түрде дамытып жатыр. Тұтынушылық несиені екі минутта рәсімдеп береді. Бұл дұрыс емес. Мұндай пікірді қаржыгерлер конгресінде «Отбасы банкінің» төрағасы Ләззат Ибрагимова айтты.
Қайырымдылық қорлары қаржысының қанша пайызын әкімшілік-басқарушылық шығындарына жұмсай алады? Сондай-ақ қайырымдылық ұйымдары қанша уақытта бір өз қызметі жөнінде есеп беруі керек.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Дүниежүзілік Банкпен, Халықаралық қаржы корпорациясымен (IFC) және қаржы нарығының жетекші сарапшыларымен бірлесіп, ұжымдық инвестициялар нарығын дамыту мақсатында «Инвестициялық қорлар туралы» жаңа заң жобасын әзірлеп жатыр.
БАҚ-тарда Biz Birgemiz қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайрат 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Қазақстанда қайырымдылық қорларының қызметі қандай заңдар арқылы реттеледі.
Түркияның Анталия қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасында Дэвис кубогының (командалық әлем чемпионаты) финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы үздік бестікке ілігу үшін кортқа шығады.