$ 450.69
€ 505.04
₽ 5.45

Жетісу облысында орман өртеніп жатыр

Редактор
21.10.2026, 17:25
Видеодан алынған скрин
Видеодан алынған скрин
Өрт аумағы шамамен 15 гектарды құрайды 

Бүгін Жетісу облысының Сарқан ауданындағы Борлытөбе орман шаруашылығының Құрақсу орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртенді, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.

Өрт аумағы шамамен 15 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге Жетісу облысы ТЖД мен орман шаруашылығының күштері мен құралдары жұмылдырылды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы тартылды. Тікұшақпен жалпы көлемі 11,4 тонна су болатын 19 рет су шашу жұмысы жүргізілді.

«Елді мекендер мен шаруа қожалықтарына қауіп жоқ. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда», – деп жазылған ТЖМ таратқан ақпаратта.