Қазақстан Қарулы күштері Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысы Талас ауданының аумағына шұғыл қонды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ. Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына еш қауіп болған жоқ.
"Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаға техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін", - деп жазылған хабарламада.
Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді. Аумақты тексеру және оқиғаның себебін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.