Түркістанда деструктивті діни ағымдардың таралу жолы және оларға қарсы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Бұл жолы мамандар Түркістан қалалық №1 кітапхана қызметкерлерімен кездесті. Кездесуге Түркістан қаласы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің дін сұрақтары бойынша сектор меңгерушісі және қалалық ішкі саясат бөлімінің теолог маманы қатысты.
Теолог маман елімізде интернетте және түрлі әлеуметтік желілерде деструктивті діни ағымдардың уағыз-насихаттарының кең тарап жатқанын ескертті. Сондай-ақ, олардан қалай сақтану жолдарын түсіндірді. Интернет кеңістігіндегі шығып жатқан түрлі уағыздардан абай болуды және оны таратпауды да атап өтті.
Кездесу соңында кітапхана қызметкерлері көкейбесті сұрақтарын қойып, теолог маман тарапынан толыққанды жауаптар берілді.