15 тамыз - қазақ вальсінің королі, көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай Түркістан қаласындағы «Ақжайық» өнер мектебінде ұлы композитордың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Тағзым шарасы барысында Түркістан облыстық мәдениет басқармасына қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әртістері композитордың таңдаулы әндерін орындап, көпшілікке ерекше музыкалық тарту жасады.

Шарада Шәмші Қалдаяқовтың қазақ музыка өнеріне қосқан өлшеусіз үлесі, шығармашылық мұрасы мен ұлттық мәдениеттегі айрықша орны кеңінен дәріптелді.
