$ 472.03
 540.29
 6.11

Түркістанда республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы басталды

Редактор
05.07.2026, 14:24
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ұлттық домбыра күніне орай ұйымдастырылған өнер додасына еліміздің барлық өңірінен келген күйшілер қатысуда.

Түркістанда Ұлттық домбыра күніне арналған республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтіп жатыр. Байқау ұлттық күй өнерін дәріптеу, дәстүрлі орындаушылық мектептерді насихаттау және жас таланттарды қолдау мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Алғашқы кезеңде қатысушылар Сүгір Әлиұлы мен Төлеген Момбековтің күйлерін орындап, қазылар алқасы келесі кезеңге өткен үздік күйшілерді анықтады. Қазылар құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәрима Сүндетқызы, бас дирижер Шыңғыс Бөріұлы және өнертанушы Батырлан Әлкеев бар.

Байқаудың екінші кезеңі бүгін сағат 18:00-де Түркістандағы «Керуен сарай» туристік кешенінде өтеді. Қатысушылар қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен Сүгір Әлиұлының «Ілме» және Қаршыға Ахмедияровтың күйлерін орындайды. Кеште Қазақстанның халық әртісі Айгүл Үлкенбаева мен күйші-композитор Ғаламат Бейсеқожа өнер көрсетеді.

Түркістан облысында мәдениет пен руханият саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, айтыс, терме және күй байқаулары тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау