$ 475.09
 551.06
 5.87

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» жобасы аясында көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

Редактор
02.04.2026, 16:03
Түркістан облысы әкімдігі
Түркістан облысы әкімдігі
Белсенділер 200-ге жуық тал көшетін отырғызды. 

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында республикалық Таза Қазақстан экологиялық жобасы аясында «Жасыл аймақ» бастамасы шеңберінде ағаш отырғызу жұмыстары өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Шараның негізгі мақсаты – өңір аумағын көгалдандыру, экологиялық ахуалды жақсарту және тұрғындар мен жастар арасында табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шараға 100-ге жуық ерікті жастар мен белсенді тұрғындар қатысып, 200-ге жуық тал көшетін отырғызды. Қатысушылар аумақты абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысты.

– Бұл шара қоршаған ортаны қорғауға және өңірдің жасыл желегін көбейтуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Сонымен қатар, мұндай жұмыстар жастарды қоғамдық белсенділікке тартуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы көгалдандыру және тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады, – деді облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев.

Жоба аясындағы шаралар өңірде жүйелі түрде өткізіліп, экологиялық бастамаларды кеңінен дамытуға бағытталған.