Спикер: Ернат Солтиев, «Respublica» партиясынан Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидат
Қазақстандағы туристік агенттіктердің көбі отандастарымызды сырт мемлекеттерге демалуға жіберсе, Ернат Солтиев басқаратын компания, керісінше, шетелдік саяхатшыларды елімізге тартумен айналысады. 200-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер туризмнің ішкі тынысын да, қордаланған мәселелерін де бес саусағындай біледі.
Қазақстанның көрікті жері көп, бірақ оған апарар жол мен қажетті инфрақұрылымды қалай жөнге келтіреміз? Туризм мұнайға тәуелді экономикаға балама бола ма? Қарапайым халықтың тұрмысын жақсарту үшін «Respublica» партиясы нақты не ұсынады? Ернат Солтиев бизнестен саясатқа неге бет бұрды? Құрылтайға өтсе, қандай мәселелерді көтермек?
Осы және өзге де сұрақтардың жауабы – ашық сұхбатта.
«Respublica» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді. Тапсырыс беруші: Ж.М. Ысқақов.