$ 452.59
€ 507.67
₽ 5.48

Тоқаев әскердің жағдайына қатысты маңызды тапсырмалар берді

Редактор
20.10.2026, 09:37
Ақорда
Ақорда
Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарларын қабылдап, әскердің жауынгерлік дайындығын талқылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы Айтқұрман Омарбековті және Қорғаныс министрінің орынбасары Татьяна Савельеваны қабылдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президент Қарулы Күштердің қазіргі жағдайы, жауынгерлік әзірлігі, әскери даярлықты қаржыландыру және Қорғаныс министрлігі бюджетінің орындалуы туралы есептерді тыңдады. Сондай-ақ Мемлекет басшысына әскери қызметшілердің жағдайы, әскерді жұмылдыру дайындығы және армияны дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде баяндалды.

Жиында әскери инфрақұрылымды жаңғырту, бөлімшелердің күнделікті қызметін қамтамасыз ету, әскерді басқару жүйесін жетілдіру және шешім қабылдау жеделдігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұдан бөлек, әскери резервті даярлау, бюджет қаражатын тиімді пайдалану, қаржылық тәртіпті сақтау және қорғаныс саласындағы шығындарды бақылау мәселелері қаралды.

Кездесу қорытындысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы Күштердің жауынгерлік әзірлігін күшейту, армияның негізгі қажеттіліктерін қаржыландыру және бөлінген бюджет қаражатын ұтымды пайдалану бойынша бірқатар нақты міндет жүктеді.