Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды.
"Мемлекет басшысы ертең Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді", - дейді президенттің баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді, делінген хабарламада.
Ал 17 шілде күні Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады. Жиын "Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік" тақырыбына арналып отыр.