$ 469.52
 553.75
 6.15

Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты

Редактор
20.04.2026, 12:20
Фото: әлеуметтік желіден
Фото: әлеуметтік желіден
Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың қайтыс болуына байланысты оның отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Президент ақынның қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан зор үлесін атап өтті.

Мемлекет басшысы ұлт перзенті, аса көрнекті ақын, белгілі қоғам қайраткері, Халық жазушысы, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шахановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мұхтар Шаханов бар ғибратты ғұмырын қастерлі сөз өнеріне арнап, қазақ поэзиясын жаңа белеске көтерген, төл әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көкжиегін кеңейтуге елеулі үлес қосқан қоғамымыздың тұғырлы тұлғасы еді. Әрқашан тіл жанашыры ретінде игілікті істердің бастауында болды. Шығармалары көптеген шет тілдеріне тәржімаланды, жалынды жырларын қалың оқырман сүйіп оқыды. Өнегелі өмір сүріп, соңына мол әдеби мұра қалдырған Мұхтар Шахановтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады, – делінген жеделхатта.