$ 479.26
 546.21
 6.13

Тоқаев Халық Кеңесі туралы жарлыққа қол қойды

02.07.2026, 15:14
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды.

Еске сала кетейік, Қазақстан Халық Кеңесі – мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға азаматтық қоғамның қатысуын қамтамасыз ететін жоғары конституциялық консультативтік орган.

Оның негізгі міндеттері – елдің ішкі саясаты бойынша жалпыұлттық диалогты дамыту, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара іс-қимылды күшейту. Кеңес заң жобаларын ұсыну, қоғамдық талқылаулар өткізу және референдум өткізу туралы бастама көтеру құқығына ие. 

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. 

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау