Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения астанасы Ереванда өткен Биоалуантүрлілік мәселелері жөніндегі көшбасшылар саммитінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы бірқатар елдердің басшыларымен бірге Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде ұйымдастырылған COP17 қарсаңындағы халықаралық іс-шараны тамашалады.
Саммит аясында мәртебелі меймандарға Жер шарындағы биоалуантүрлілікті сақтау, қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа жанашырлықпен қарау тақырыптарына арналған интерактивті шоу ұсынылды.
Іс-шара жаһандық экологиялық мәселелерге және табиғи байлықты болашақ ұрпақ үшін сақтаудың маңыздылығына назар аударуға бағытталған.