$ 487.01
 557.87
 6.59

Тоқаев Брюссельге ресми сапармен барды

Редактор
22.06.2026, 22:20
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.

Мемлекет басшысы Брюссельге ресми сапармен барды. Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан Президентінің келуіне орай Бельгия астанасының әуежайында Құрмет қарауылы ротасы сап түзеді.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Эдуардс Стипрайс пен басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Ертең Еуропалық кеңестің штаб-пәтерінде Еуропа Одағының басшылары Антониу Коштамен және Урсула фон дер Ляйенмен екіжақты келіссөздер жүргізіледі, - делінген хабарламада.

Сапар аясында бірқатар маңызды бірлескен құжатқа қол қойылады.