Мәдениет

«Тазы мен төбет күні»: Елімізде тағы бір жаңа мереке пайда болуы мүмкін

13:00, 03 ақпан 2025 58

3 қыркүйек - тазы мен төбет сынды қазақ ит тұқымдарының күні деп бекітілетін болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі осындай жоба ұсынды. аталмыш құжат  "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

"Қазақтың ит тұқымдары күні – үшінші қыркүйек болады", – делінген құжатта.

Экология министрлігінің хабарлауынша, бұл мерекенің құрылуы қазақ халқының ұлттық мәдени мұрасын, тарихы мен дәстүрлерін дәріптеудегі маңызды қадам болмақ. 

Сонымен қатар, тақырыптық іс-шараларды өткізу Қазақстанның этнографиясы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын туристердің назарын аударады.

Мереке аясында қазақтың ит тұқымдары, олардың ерекшеліктері мен күтімі туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған дәрістер, семинарлар, көрмелер және басқа да іс-шаралар өткізілуі мүмкін.

 

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз