Спорт

Сүйінші! Азиада ойындарынан Қазақтан құрамасы тарихи алтынға қол жеткізді

10:38, 11 ақпан 2025 36

Фристайл-акробатикадан Қазақстан ерлер құрамасы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында чемпион атанды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, спортшыларымыз синхронды секіруде үздік атанып, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов бірден екі Қытай командасын артта қалдырды.

Екінші мүмкіндікте қазақстандық фристайлшылар 97,92 ұпай жинап, жарыстың жеңімпазы атанды.

Екінші орынға Қытай құрамасы (93,48 ұпай) жайғасса, үшінші орынды да қытайлық спортшылар (91,57 ұпай) иеленді.

Асан Асылхан мен Дінмұхаммед Райымқұлов 83,96 ұпаймен төртінші орын алды.

Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет Азия ойындарының тарихында осы спорт түрінен алтын медаль жеңіп алды.

Біздің Telegram арнамызға жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp-қа жазыңыз.

Тағы да оқыңыз