$ 469.59
 536.22
 5.96

«Соншалықты ашсыңдар ма?»: Айгүл Орынбек тегін затқа таласатын жұртты сынға алды

Редактор
22.07.2026, 13:43
Коллаж: bairaqmedia.kz
Коллаж: bairaqmedia.kz
 Заңгер өзіне беймәлім оқиғаның кадрларын жариялаған. 

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желіде Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылында тегін балмұздаққа ұмтылған балалардың видеосын африкалық аш балалардың тамақ алу үшін кезекке тұрған бейнежазбасымен салыстырды, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Сондай-ақ ол өз жазбасында елді тегін таратылатын затқа әуес болмауға шақырды.

«Біздің халықты жою үшін сыртқы күшке қару да, соғыс та қажет емес… Өзіміздің топастығымыз бен жауапсыздығымыз жеткілікті. Егер бір күні тамақтарыңа биологиялық қоспа немесе адам ағзасына зиянды зат араластырылған өнімді «тегін» деп таратса, соны да еш күмәнсіз алып жейсіңдер сендер! «Біз ұлы халықтың ұрпағымыз!» деп мақтанасыңдар. Бірақ ұлы халық ең алдымен ақылымен, сақтығымен және намысымен ерекшеленеді. «Халықты сынама» дейтін шығарсыңдар! Сендерге мен айтпасам кім айтады?! Кейде халыққа да ащы шындықты айтатын адам керек! Не болып барасыңдар, айтыңдаршы, соншалықты ашсыңдар ма?», – деп жазды заңгер.

Бұдан бөлек ол таратылған заттың қайдан келгеніне, құрамында не барына, сапасына, қауіпсіздігіне мән беоу керегін баса айтты. 

«Дұшпан бізді міндетті түрде қарумен жеңудің қажеті жоқ. Егер адамдар ойланбай әрекет етсе, биологиялық қоспа немесе өзге де зиянды зат қосылған өнімді «тегін» таратып-ақ, халыққа ауыр зардап келтіре салады. Ішіміз толған тыңшылар, осыншалықты іштей іріп жатырмыз ба? Тегін ешнәрсе жоқ, соңғы жылдары көрдіңдер ғой тегін дүние беріп, пирамидаларға алданғандардың зардабын! Көздерің ашылмады ма?Бастарыңды осылай тегін берген дүниелерге тығып аласыңдар, сосын жүресіңдер полицияны, билікті кінәлап. Ал өз жауапкершіліктерің  қайда? Ол алған азық қанша күнге жетеді? Бір апта ма? Бір ай ма? Есесіне денсаулыққа келген зиянның орнын ештеңе толтыра алмайды. Сондықтан оянайық, халқым!», – деді ол.

Алайда оның бұл жазбасына қарсылық білдіргендер де табылды.

«Бадам ауылымызда кешегі аптап ыстықта өрт сөндіруші машинамен су шашып салқындату шаралары болған. Сол жерге Нұрсұлтан деген бауырымыз балаларды қуанту мақсатымен балмұздақты тегін таратты. Дегенмен балалар саны өте көп болған соң апарған қораптағы балмұздақ еріп бара жатты, амал жоқ, осылай таратуға тура келді. Диванда жатып алып, әрнәрсені жаза бермеңдерші. Одан да өз ауылдарыңда балаларға, қарттарға кішкене болсада сыйлық беріп көңілдерін көтеріңіздер. Қайта Нұрсұлтан бауырымызды қолдап жағымсыз пікір емес, еңсесін көтеретін сөз жазсаңыздаршы. Жаман нәрсе жасамады ғой, балаларымыз қуанып қайтты», – деп жазды Әсет Есетқожа есімді желі қолданушысы.

Бұған заңгердің де жауабы даяр болым шықты.

«Осылай бас десе құлақ деп неге қуып кетесіңдер? Сенің Нұрсұлтаның жайлы менің жазбамда бір әріп бар ма? Жақсылықты мәдениетті түрде жасап жүрміз. Жақсылықты жасайтын арнайы орындар бар. Бірақ дәл бұлай жақсылық жасағандарыңды міндет қылмай ақ қойыңдаршы! Сен өзің жазбасаң бұл балмұздықтарды Нұрсұлтан таратқанын біз білгеніміз жоқ! Өзің артын ашып отырсың ғой!», – деді Айгүл Орынбек.