Шерзаттың қазасы: қандай баптармен қылмыстық іс қозғалды?
editor2
7
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу Қылмыстық кодекстің қандай баптары бойынша жүргізіліп жатқаны белгілі болды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Саденов депутаттық сауалға берген жауабында айтқан.
Тарқатып айтқанда, 99-бабының 2-бөлігі (адам өлтіру), 293-бабының 3-бөлігі (бұзақылық),115-бабы (қорқыту), 432-бабы (қылмысты жасырып қалу), 434-бабымен (қылмыс туралы хабарламау).
Тергеу барысы жеке бақылауымда, оқиға орнында министрліктің орталық аппаратының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қазір қасақана кісі өлтіруге қатысты 8 және қылмысты хабарламаған 3 күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, оқиға болған жерде басқа да адамдардың қатыстылығы тексеріліп, әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, – деп жауап берді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.