$ 469.71
 536.17
 6.01

Серік Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды

Редактор
17.07.2026, 09:11
Фото: Атырау облысының әкімдігі
Фото: Атырау облысының әкімдігі
Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновты қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Жамбылұлы Шәпкенов Атырау облысының әкімі лауазымынан босатылды", -деп жазылған хабарламада.

Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында туған. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист-математик" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастады. Әр жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеді.

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болды.

2015-2016 жылдары – президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2016-2018 жылдары – Атырау қаласының әкімі.

2018-2020 жылдары Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың маусымынан 2022 жылдың сәуіріне дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау